Ресей Иранда 2 жаңа атом энергия стансасын салады

Салихи келісімді "екі ел қатынасы тұрғысынан бетбұрыс" деп бағалады.

187506
Ресей Иранда 2 жаңа атом энергия стансасын салады

Ресей Иранда 2 жаңа атомдық энергия стансасын салады.


Иран ресми хабар агенттігі Ирнаның хабарына қарағанда, Мәскеуде жүрген Иран Атом энергиясы мекемесі басшысы Али Экбер Салихи мен РосАтом басшысы Сергей Кириенко екі ел арасында атомдық ынтымақтастықты көздейтін бірсыпыра келісімге қол қойды.


Келісімге қарағанда, Ресей Иран үшін Бушехрдегі атом стансасының қасына тағы екі станса салады.


Иран Атом энергиясы мекемесінің басшысы Салихи келісімді "екі ел қатынасы тұрғысынан бетбұрыс" деп бағалады.


Ресей ресми хабар агенттігі Риа Новостидің білдіргеніне қарай, келісім аясында айырықша Бушехрде төрт, барлығы сегіз қысымды су реакторы салынады. Стансаның жағармайын да Ресей қамдайтын болады.


Аталмыш келісімнің толығымен Халықаралық Атом энергиясы мекемесінің кепілдігінде екені хабарланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар