Израильдік министр Нетаньяхуды отставкаға кетумен қорқытты

Қоршаған орта министрі Амир Перетз үкіметтің саяси ұстанымына наразылық көрсетті.

186871
Израильдік министр Нетаньяхуды отставкаға кетумен қорқытты

Израиль Қоршаған орта министрі Амир Перетз Премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың саяси ұстанымын қатаң түрде сынға алды.

Израиль Қоршаған орта министрі Амир Перетз Үкімет қазіргі саяси түсінігін жалғастырған жағдайда, министрлік міндетінен отставкаға кететінін мәлімдеді.
Израильде бір телеарнаға сұхбат берген Перетз «Айналамыздағы барлық нәрсе өртеніп, қайнаған бір кезеңде Нетаньяху радикал оңшылдардың талаптарына берілді. Саясаттарын осы бағытта жалғастыратын бір үкіметтің мүшесі болғым келмейді» деді.
Перетзтің мұның алдында «Израильде мен бейбітшілік майданын жақтаймын. Мынаға толық сенемін, палестиналықтардың өз мемлекеттерін құруға құқы бар. Осында екі мемлекет, екі ұлт шешімін қолдаймын» деген болатын.
Өткен сәрсенбі күні Израиль әскерлері мұсылмандардың тұңғыш қағбасы Әл-Акса мешітіне бәтеңкелерімен кірген болатын. Осы оқиға Палестина халқы назарында дағдарысты асқындырды. Ел көлемінде жасалған наразылық протесттерінде көптеген адам жарақат алып, тергеуге алынды. Оқиға барлық әлемде шерулерге себеп болған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар