ЕО Сыртқы саясат жоғары өкілі Палестинада

ЕО Сыртқы саясат жоғары өкілі Федерика Могерини Иерусалимнің екі елдің ортақ астанасы болуын ұсынды.

186330
ЕО Сыртқы саясат жоғары өкілі Палестинада

ЕО Сыртқы саясат жоғары өкілі Федерика Могерини Орташығыс турының соңғы аялдамасы Рамаллахқа барды.

 

Палестина елбасы Махмуд Аббаспен кездескен Могерини қызық бір ұсыныс жасады. Иерусалимнің Израиль мен Палестинаның ортақ астанасы болуын ұсынды.
Кездесуде еврейлердің Харемүш Шерифте ғибадат жасау тақырыбы да күн тәртібіне келді.
Палестина елбасы Махмуд Аббас аймақта ауқымды бір тынышсыздықтың пайда болмауы үшін ереженің бір қалыпты қалу керектігін айтты және осы тақырыпта Могериниден қолдау сұрады.
Палестина премьер-министрі Рами Хамдуллахпен де бас қосқан Могерини Израильдің Батыс Шерияда салған тұрғын үйлерінің заңсыз екенін және екі мемлекетті шешімнің алдындағы ең үлкен тосқауыл болғанын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар