АҚШ Иракқа әскер жолдайды

Президент Обама Хэйгельге Иракқа әскер жолдау билігін берді.

185287
АҚШ Иракқа әскер жолдайды

АҚШ Иракқа 1500 әскер жолдайды.


Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обама 1400 әскери ақылшысы тұратын Иракқа 1500 ақылшы тағы жолдау үшін Пентагонға билік берді.


Пентагоннан жасалған жазбаша мәлімдемеде Обаманың Иракқа қосымша Америка әскерін жолдау үшін Қорғаныс министрі Чак Хэйгельге билік тергені білдірілді.


Аталмыш әскери ақылшылар арасында күрд топтар да бар Ирак қауіпсіздік күштеріне қолдау береді және оларды тәрбиелейді, алайда қақтығыстарда қатыспайды.


Айырықша Бағдат пен Ербилдің сыртқы аймақтарында екі бөлек сапарға қолбасшылық және жәрдем операция орталығы құрылады, олар ирактықтарға жәрдем береді.


Коалиция ортақтары да америкалық әскерлердің ирактықтардың қабілетін өсіруге бағытталған жұмыстарына қатысады.


Сонымен бірге Ақүй Бюджет комиссиясында Сенаттан шетелге жасалатын операциялар үшін 5.6 миллиард долларлық бюджет талап етті.


Аталмыш қаржының 1.6 миллиард доллары Ирак армиясына білім беру және қаруландыру үшін жұмсалады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар