Неміс мәжілісі лаңкестік ұйым мәселесін қарады

Қылмыстық топтың кеш әшкереленуі жөнінде сын айтылды.

184738
Неміс мәжілісі лаңкестік ұйым мәселесін қарады

Германияда неонацистік лаңкестік ұйым NSU-дің ортаға шығуына үш жыл толғанда мәжілісте отырыс ұйымдастырылды.


Нацистік социалистік террор ұйымы NSUГерманияда сегізі түрік, барлығы он адамды өлтіргенінен бері үш жыл өтті.


Ішкі істер министрі Томас де Маизер мәжілістегі баяндамасында аталмыш террор ұйымының ертең әшкереленбеуінің мемлекет пен қоғамның қатесі екенін айтты.


Адам өлтірушіліктердің артында аталмыш ұйымның бар екені түсінікті болғаннан кейін асыра оңшылдармен күрестің өзгергенін де айтқан министр осы мақсатпен орталық құрғандарын да атап өтті.


Оппозиция болса осы үдерістің баяу екенін білдірді.


Сол партия адам өлтірушіліктерді жарыққа шығару ісінің тұйыққа тірелгенін айтып, сотқа байланысты мәселелердің де артқанын атап көрсетті.


Жасылдар болса қылмыстық ұйымның өте кеш әшкереленуінде қате жіберген қызметкерлердің әлі сот алдында есеп бермегенін меңзеді.


Осы арада құрбандардың тума-тумаластары болса лаңкестік ұйымның басшыларының бірі Беате Цапенің өмір бойы бас бостандығынан айрылуын сұрады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар