Әлем мұсылмандары "Жалпы жұмылдыруға" шақырылады

Әлем мұсылман ғалымдар одағы Әл-Акса мешітін қорғау үшін «Жалпы жұмылдыру» шақыруы тастады.

178894
Әлем мұсылмандары "Жалпы жұмылдыруға" шақырылады

Одақ төрағасы Юсуф әл-Карадави және Бас хатшы Али Карадаги қол қойған жазбаша мәлімдемеде мұсылмандардың Израильдің Иерусалим мен Әл-Акса мешітіне бағытталған заң бұзушылығына қарсы үнсіз қалмау керектігі атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Әл-Акса мешітін қорғап, уақыт пен жер ретінде екіге бөлінуінің алдын алу үшін бүкіл мұсылмандарды жұмылдыруға шақырамыз» делінді.
Мәлімдемеде Иерусалим халқынан Әл-Акса мешітіне қарсы басқындарға қарсы күзету арттыруы талап етіліп, араб және Ислам мемлекеттеріне Әл-Акса мешітін қорғау тақырыбында тарихтан келген өз жауапкершілікті орындауға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар