Америка Құрама Штаттарында жеңіл моторлы ұшақ құлады

Канзас штатында жеңіл моторлы ұшақ әуежайында бір ғимаратқа соқтығысты.

175554
Америка Құрама Штаттарында жеңіл моторлы ұшақ құлады

Оқиғада 4 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды.


Уичито қаласында жеңіл моторлы ұшақ жерден көтеріле бергенде қозғалтқыштың ақауы себепті қайта әуежайға бет алуға үлгермеген.
Ұшақ әуежайдағы ұшу қауіпсіздігі ғимаратына соқтығысқан. Ғимараттың төбесі мен қабырғалары қираған.
Лауазымдылар берген мағлұматқа қарағанда қаза тапқандар арасында ұшқышта бар.
Оқиға кезінде ғимаратта 100 шақты адам жұмыс істеп жатқан көрінеді. Лауазымдылар ғимараттағы қызметкерлердің төртеуінің жоғалғанын хабарлады.
Үйінділерде іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда. Лауазымдылар қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін мәлімдеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар