Малаладан Газаға көмек

Малала Юсуфзай ақшалай жүлдесін газалық балаларға бағыштады.

174603
Малаладан Газаға көмек

Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Малала Газаға 50 мың доллар берді.


«Әлем балалары» сыйлығына лайық деп табылған Малала Юсуфзай ақшалай сыйлығын Газадағы балаларға бағыштады.


Малаланың 50 мың долларлық бағышы БҰҰ Палестиналық босқындарға көмек мекемесі арқылы Газадағы 65 мектептің қайтадан салынуы үшін қолданылады.


Малала Юсуфзай үндістандық адам құқықтары қорғаушысы Кайлаш Сатиартимен бірге Нобель Бейбітшілік сыйлығына лайық деп табылған болатын.


Пәкістандық Малала Юсуфзай 2012 жылғы 9 қазан күні мектепке бара жатып автобуста шабуылға ұшыраған болатын. Басынан жарақат алған Малала Бирмингемдегі Патшайым Елизавета ауруханасында үш ай емделген еді.


2013 жылдың наурыз айында ауруханадан шыққан Малала отбасымен бірге Ұлыбританияға қоныс аударды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар