ISIS-тің бақылауындағы мұнай өңдеу орындары бомбаланды

Коалиция күштері Сирия мен Ирактағы ISIS нысаналарына бағыттаған шабуылдарын жалғастыруда.

162840
ISIS-тің бақылауындағы мұнай өңдеу орындары бомбаланды

АҚШ жойғыш ұшақтары соңғы екі күнде Сирия мен Иракта 15 әуе шабулы жасады.

Шабуылдарда ISIS ұйымы мүшелері мен ұйымның бақылауындағы ISIS-тің бақылауындағы мұнай өңдеу орындары нысанаға алынды.
Орталығы Лондондағы Сирия Адам құқы бақылау орталығы коалиция күштерінің Сириядағы 2 бөлек шабуылда 10 жазықсыз адамның қаза тапқанын жариялаған болатын.
Кобанидегі қақтығыстар болса соңғы екі күнде артты.
ISIS-тің Кобанидегі шабуылдары Мүршитпынар шекара қақпасы төңірегінде артты.
Сирия Адам құқықтары бақылау орталығы ISIS-тің Кобаниге 21 снаряд лақтырғанын және осылардың көпшілігінің шекара қақпасы маңына құлағанын білдірді.
ISIS шекара қақпасының Сирия есігін қолға түсіріп, күрт топтарының сыртқа ашылған байланысын үзуге тырысады.
Ұйым мүшелері Халеп маңындағы Баб аймағында тыңшылық жасағаны алға тартылған бір адамды өлтірді.
Испания жылдың аяғына қарай Ирак армиясын жаттықтыру жұмыстарын бастайтынын, дегенмен Иран пен Сирияда құрлық операцияларына қосылмайтынын жариялады.
Бағдатқа зиярат жасаған Австралия Сыртқы істер министрі Джули Бишоп Ирак Сыртқы істер министрі Ибрахим Джаферимен кездесті.
Бишоп Иракта әуе шабуылдарына қатысқан елінің Иракқа құрлық күші жіберуді жоспарламағанын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар