Иракта Ұлттық бірлік үкіметі құрылды

Мәжіліс Ішкі істер және Қорғаныс министрлеріне сенім дауысы берді.

162727
Иракта Ұлттық бірлік үкіметі құрылды

Иракта жаңа Ішкі істер және Қорғаныс министрлерінің сенім дауысы алуының артынан Хайдар әл-Абади басшылығындағы бірлік үкіметі құрылды.

Құрылған үкіметтің ішкі істер министрі ретінде шиіт Мұхаммед Селим әл-Габбан, Қорғаныс министрі ретінде де сүннит Халид әл-Обейли тағайындалды.
Сүнниттерді сырттан қалдырған үкімет саясаты жүргізген шиіт премьер-министр Нури әл-Малики тамыз айында ISIS-тің шабуылдары басталған соң отставкаға кетуге мәжбүрленген болатын.
Маликидің осы діни қауымдық саясаттарының ISIS-тің дамуына себеп болғаны жайлы сындар алға тартылған еді.
Елдің жаңа премьер-министрі Хайдар әл-Абади өткен айда бір күрт және бір сүннит премьер-министр орынбасары тағайындап, бірлік үкіметіне тұңғыш қадамды басты.
Абадидің Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері үшін ұсынған тұлғалар мұның алдында Мәжіліс тарапынан қабылданбаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар