Иран елбасы Рухани Вена келіссөздері туралы мәлімдеме жасады

Иранмен нақты келісім жасау үшін белгіленген мерзім 24 қарашада аяқталады.

158403
Иран елбасы Рухани Вена келіссөздері туралы мәлімдеме жасады

Иранның ядролық бағдарламасымен байланысты жылдардан бері жалғасқан келіссөздерде нақты келісім үшін белгіленген мерзім 24 қараша күні аяқталады.

Иран елбасы Хасан Рухани «Тараптар келіссөздердің одан әрі созылуын қаламайды. Барша нақты келісімді жақтайды» деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри, Еуроодақ Сыртқы саясат жоғары өкілі Кэтрин Эштон және Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Венада бас қосады.
Үштік жиналыста жалғасқан ядролық келіссөз кезеңінде қол жеткізілген жетістіктер мен нақты бір келісімге қол жеткізу үшін басылатын қадамдар мен жол картасының анықталуы күтіледі.
Иран Сыртқы істер министрі Зариф ауқымды бір келісімнің қазірше мүмкін көрінбегенін атап, шешім күткен тақырыптардың әлі көп екенін және мәселенің жалғасқанын мәлімдеді.
Дегенмен елбасы Рухани жасаған соңғы мәлімдеме үміттендірді.
Рухани негізінде келісімге келгендерін, бірақ мұның ауқымын анықтап, келісім мәтінін жазу үшін белгіленген 24 қараша күніне дейін тараптардың бағынып бағынбайтыны тақырыбының мәселеге айналғанын айтты.
Иран мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты мүшесі және Германия арасында 12 жылдан бері Венада жалғасқан келіссөздерде қазірге дейін келісім жасалған емес.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар