Коалиция күштері Сириядағы ISIS нысаналарына шабуылдады

Шабуылдарда ISIS-тің бақылауындағы ғимараттар мен баспаналар жойылды.

156792
Коалиция күштері Сириядағы ISIS нысаналарына шабуылдады

АҚШ армиясы және коалиция күштері Сирияда ISIS нысаналарына бағытталған 8 жаңа әуе шабуылы ұйымдастырды.

Сирияда ISIS пен күрт топтар арасындағы қарқынды қақтығыстар жалғасқан Кобани (Айн әл-Араб) қаласының оңтүстік батысына жасалған 4 шабуылда ISIS ұйымының баспаналары мен ауыр қарулар қоныстанған нысаналар жойылды.
Қаланың солтүстік батысына жасалған 3 шабуылда болса ISIS-тің бақылауындағы үш ғимарат пен баспана бомбаланды.
Ракканың солтүстік батысындағы шабуылдарда болса ұйымның штаб пәтерінің жойылғаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар