Каирде 'Газа секторын қалпына келтіру конференциясы' өтті

Конференцияға қатысушы елдер Палестинаға 5 миллиард 400 миллион доллар жәрдем жасауға уәде берді.

154748
Каирде 'Газа секторын қалпына келтіру конференциясы' өтті

Мысырдың астанасы Каирде ұйымдастырылған Газа секторын қайта қалпына келтіру конференциясында 5 миллиард доллардан астам қаржы бөлуге уәде берілді.
Палестина елбасы Махмуд Аббас 4 миллиард долларға мұқтаждық бар екенін мәлімдеген болатын.
Каирде 50 мемлекет пен халықаралық мекеме қатысқан конференцияда палестиналықтар күткеннен көп қаржы үшін уәде берілді.
Конференцияға қатысқан Норвегия Сыртқы істер министрі Берге Бренде қатысушы елдердің Палестинаға 5 миллиард 400 миллион доллар көлемінде жәрдем жасайтынын жариялады.
Бренде жәрдемдердің жартысының Газа секторын қайта қалпына келтіруге кететінін атап көрсетті. Ал қалған жартысымен не жасалатыны жайлы мағлұмат бермеді.
Конференцияда Түркияның 200 миллион доллар ақша бөлуге уәде бергені білдірілді. Ең көп жәрдемді 1 миллиард доллар қаржы бөлген Катар жасады.
АҚШ 212 миллион доллар, Еуроодақ елдері 450 миллион евро, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері 200 миллион доллардан беретінін жеткізді.
Жәрдемдердің 3 жылдың ішінде Газаға жеткізілуі жоспарланады.
Газа секторы Израиль шабуылдарының салдарынан 2008 жылдан бері 3 рет қирады.
Израильдің 7 шілде күні бастаған және 51 күнге жалғасқан шабуылдарында 2 мың 158 адам қаза тауып, шабуылдарда 17 мың 200 баспана және үкімет ғимараты құлаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар