'Кобаниден қашқан босқындарға Түркия үлкен қолдау көрсетеді'

Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар жоғары комиссарлығы мәлімдемешісі Адриян Эдуард бағаландыру жасады.

150856
'Кобаниден қашқан босқындарға Түркия үлкен қолдау көрсетеді'

БҰҰ Босқындар жоғары комиссарлығы мәлімдемешісі Адриян Эдуард Кобани деп аталған Айн әл-Араб аймағынан қашып, Түркияны паналағандар санының 172 мыңға ұласқанын айтты.
БҰҰ Женева кеңсесінде өткен баспасөз жиналысында Кобанидегі соңғы жаңалықтарды бағаландырған Эдуард Түркияда өте көп босқын тұрғын бар екеніне назар аударды.
Түркияның осы босқындар үшін лагерлер құрып жатқанын және олардың қоғам ішінде өмір сүруін қамтамасыз еткенін атап айтқан Эдуард «Өте қиын кездер бастан кешеміз. Түркия осы шарттарға қарамастан қолдан келгенді істейді» деді.
БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссарлығы мәлімдемешісі Руперт Колвилле болса шабуылдар шекарадан асқан жағдайда, Түркияның ауыр қарсылық беретініне сенгенін атап көрсетті.
Колвилле «Көрші мемлекет ретінде мықты бір мемлекеттік құрылымы және үлкен бір армиясы бар» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар