Коалицция күштері ISIS-ке үздіксіз шабуылдарын жалғастыруда

Коалиция күштерінің операцияларына Ұлыбританияда қосылды.

147384
Коалицция күштері ISIS-ке үздіксіз шабуылдарын жалғастыруда

АҚШ басшылығындағы коалицияға тиесілі әскери ұшақтардың ISIS-ке бағытталған операциялары жалғасуда.
Кобанидегі ISIS нысаналарына азанғы уақыттан бастап ұйымдастырылған әуе шабуылдарында 8 ISIS мүшесі өлтірілді.
Сейсенбі күнгі операцияларда болса Сирия мен Ирактағы ISIS нысаналарына барлығы 310 әуе шабуылы ұйымдастырды.
Басқа жағынан Асад режимі де оппозицияның бақылауындағы жерлерді бомбалауды.
Халеп қаласы мен төңірегіне ұйымдастырылған шабуылдарда көпшілігі жазықсыз 23 адам қаза тапты.
АҚШ басшылығындағы коалиция болса күшін арттырады.
Ұлыбритания Қорғаныс министрі сейсенбі күні Иракта ISIS-ке бағытталған алғашқы әуе шабуылын жасағанын және 2 ISIS нысанасын бомбалағанын жариялады.
БҰҰ жариялаған соңғы рапортқа қарағанда қыркүйек айында Ирактағы қақтығыстарда 854-і жазықсыз барлығы мың 119 адам қаза тапты, шамамен 2 мың адам жараланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар