Сирия тікұшақтармен Халеп қаласына баррель бомбасы жаудырды

Шабуылдарда 23 адамның қаза тапқаны, көптеген адамның жараланғаны білдірілді.

146459
Сирия тікұшақтармен Халеп қаласына баррель бомбасы жаудырды

Сирия режимінің Халеп қаласына бағытталған баррель шабуылдарда 23 адам қаза тапты.

Сирия режиміне тиесілі тікұшақтар Халепте оппозицияның бақылауындағы Хайдарийе және Шейх Фарис аймақтарына баррель шабуылы ұйымдастырды.
Шабуылда көптеген адам да жараланды. Кейбір автокөліктер мен жұмыс орындары жойылды.
Жаралылар жылжымалы ауруханаларға жеткізілді.
Соңғы күндері Асад күштеріне тиесілі жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар оппозицияның бақылауындағы аймақтарға шабуылдарын арттырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар