«Халық армиясы құрылады»

Кассам бригадалары Газадағы жастарға әскери білім беріп жатыр.

143105
«Халық армиясы құрылады»

Газада соғысқа қарсы халық армиясы құрылады.
Иззеддин ел-Кассам бригадалары азаматтық топтарға әскери білім бере бастады.
Хамастың әскери қанаты Иззеддин ел-Кассам бригадалары «Израильге қарсы соғыс мүмкіндігіне орай» азаматтық топтарға әскери білім беру жұмысын жүргізуде.
Әскери білім беруге жауапты Әбу Жафер алдағы кезеңде Израильге қарсы шығуы мүмкін соғысқа дайындық мақсатымен білім берілген азаматтардан «Халық армиясын» құра бастағандарын жариялады.
Әбу Жафер қазірге дейін палестиналық көптеген жасқа Газадағы белгілі аймақтарда білім бере бастағандарын, қатысушыларға алғашқы сатыда жеңіл қарулар, артынан ауыр қарулар тақырыбында мұқият жаттығу бағдарламасы беріліп жатқанын білдірді.
Кассам бригадалары Газадағы мешіттерге ілген жарнамалар арқылы палестиналық жастарды «Алдағы кезеңде Израильге қарсы шығуы мүмкін соғысқа қолдау беру мақсатымен ұйымдастырылатын армияға» қатысуға шақыруда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар