Палестинада жаңа кезең

Хамас пен Әл Фатих Газа жөнінде келісті.

140981
Палестинада жаңа кезең

Газаның билігін қолында ұстап тұрған Хамас Әл Фатхпен аймақтың басшылығы тақырыбында келісті.


Келісімге қарағанда, Газаның бақылауы Хамас пен Палестина үкіметі бірігіп құрған Ұлттық келісімі үкіметіне беріледі.


Мысырдың бас қаласы Каирде кездескен Әл Фатх пен Хамастың келісім мәтінінде Газадағы Израиль блокадасының жойылуы, аймақтың қайтадан құрылуы және мемлекеттік қызметкерлердің айлығы мәселелері қолға алынды.


Фатх қозғалысының Ұлттық келісім комиссиясы төрағасы Аззам әл Ахмет тараптардың Ұлттық келісім үкіметінің алдындағы барлық қиыншылықтарды жоятын бағдарламаға келіскендерін айтты.


Газадағы палестиналықтар келісімге дән риза. Палестиналықтар арасындағы келісім келесі ай Израильмен жүргізілетін келіссөз бен Газаның қайтадан құрылуы үшін өткізілетін халықаралық жиналыс қарсаңында өте маңызды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар