ISIS-ке қарсы операция жалғасуда

Осы операция Америка Құрама Штаттарына Ливия операциясынан да қымбатқа түсуде.

140616
ISIS-ке қарсы операция жалғасуда

ISIS террор ұйымының Сириядағы нысандарына бағытталған халықаралық операция жалғасуда.


Америка ұшақтары Сирияда Дейр-уз Зур аймағының әл-Маядин қаласы мен Хасекедегі лаңкестік ұйым нысандарын атқылады.


Америка соғыс ұшақтары Иракта да Керкүктің 15 км оңтүстігіндегі Бешир ауылын бомбалады. Осы бомбалау нәтижесінде ұйымның Керкүктегі жауаптысының және кейбір басшыларының қаза тапқаны білдірілді.
Француз ұшақтары да Ирактағы нысандарды бомбалады.


Халықаралық коалиция операцияларына Ұлыбритания да қосылмақшы. Ағылшын парламенті бүгін Ирактағы ISIS операциясына қатысуға байланысты ұсынысты талқыға салады. Елдегі үш ірі партия да ұсынысқа қолдау беріп отыр.


Америка Қорғаныс министрлігі аталмыш лаңкестік ұйымына бағытталып тамыз айында жүргізілген әскери операцияның бір күндік құнының 7 жарым миллион АҚШ доллары екенін мәлімдеді.


Мамандардың айтуынша, осы операция Америка Құрама Штаттарына Ливия операциясынан да қымбатқа түседі.


Сириядағы нысандарға жасалған операцияда бір күнде 47 Томахаук зымыраны лақтырылды. Әрбір зымыран бір жарым доллар тұрады. Айырықша Ф-22 ұшағының бір сағат ұшуы 68 мың АҚШ долларына түседі.


Осы арада Ирак премьер-министрі Хайдар әл Абади ұйымның Париж және Америка Құрама Штаттарындағы метро желілеріне шабуыл ұйымдастыратыны жөнінде ақпар алғандарын айтты.


Сонымен қатар, Франция Ислам кеңесі лаңкестік Ирак Шам Ислам мемлекеті ұйымына қарсы шеру өткізетінін білдірді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар