«Шетел террористерімен күресу» жобасы қабылданды

Жиналыста шетел террористтерімен күресу жобасы қабылданды.

137909
«Шетел террористерімен күресу» жобасы қабылданды

АҚШ президенті Барак Обаманың басшылық еткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі жиналысында ISIS және осыған ұқсас ұйымдардың барған сайын көбейгенін, сондай-ақ осы ұйымдардың халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіргені жөніндегі тақырыптар қолға алынды.
Жиналыста шетел террористтермен күресу үшін ұсынылған шешім жобасы бірауыздан қабылданды.
Осы шешім арқылы террорист топтарға қаржылай көмектің берілуіне, ұйымға қатысуға және соғыс болған елдерге саяхат жасауға тыйым салынады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан қабылданған жобаға барлық елдер бойсұнулары шарт.
Шешімді атқармаған жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің аталмыш елдерге экономикалық шаралар қолдануға және әскери күш жұмсауға құқығы бар.
Осы барыста шешім жобасы аясында АҚШ кейбір адам мен ұйымдарды, ISIS, Нусра шебі, Әл-Кайда және Жемаати Исламие-ге жәрдем бергендері үшін террор тізіміне тіркеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар