Жаһандық ысыну әлем күн тәртібінде

Нью-Йорктағы Климат өзгерісі саммитіне 192 елдің өкілі қатысады.

135101
Жаһандық ысыну әлем күн тәртібінде

192 елдің өкілдері қатысқан Нью-Йорктағы Жаһандықклимат өзгерісі саммитінде зиянды газ өндірісін азайтатын шаралар қолға алынады.
Соңғы 20 жылдан бері әлем күн тәртібінен түспейтін климат өзгерісімен байланысты атқарылған жұмыстардың қорытындылары онша үміт артатындай емес.
БҰҰ жариялаған соңғы Климат өзгерісі рапортына қарағанда жылудың құрлықта артуы себепті өсімдіктер мен жануар түрлерінің көпшілігі тек қана ғаламшардың солтүстік аймақтарында өмір сүре алатын болады.
Осылай жалғасатын болса азық-түлік бағалары да бүкіл әлемде 85 пайызға жақын өсетін сияқты.
Рапортта сел мен ысыну апаттарының салдарынан қаза мерт болғандар санының да артатыны атап көрсетілген.
Осы жағдай қысқа мерзімде кедей ұзақ мерзімде болса бай мемлекеттерге болымсыз әсер етеді.
Тағы бір рапорт болса бірнеше күн бұрын жарияланды.
Рапортқа қарағанда қазынды отынның жағылуы және цемент өндірісі себепті көміртегі өндірісі 2013 жылы 2,3 пайыз артты.
Яғни қазір әлемде артқа қалған 2 °С көміртегі квотасы да 30 жылдың ішінде тауысылады.
Бүгін әлемде өндірілген көміртегінің 28 пайызы Қытайдан келеді.
Қытай осы мөлшермен АҚШ пен Еуропа өндірген жалпы көміртегі мөлшерінен бір көрсеткіш жоғары.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар