Коалиция күштері Сирияда ISIS-ке қарсы операция бастады

Коалиция күштері құрамында әуе шабуылына 5 араб мемлкеті қатысады.

135305
Коалиция күштері Сирияда ISIS-ке қарсы операция бастады

ISIS-тың Сириядағы нысаналарына бағытталған шабуылын АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагонның мәлімдемешісі Джон Керби мәлімдеді.

Керби «АҚШ пен одақтас мемлекеттер жойғыш және бомбалау ұшақтарына қоса ‘Tomahawk’ құрлық шабуыл зымырандарымен Сириядағы ISIS операциясына қатысады» деді.
Операциямен байланысты терең мағлұмат бермеген Керби шешімді АҚШ президенті Барак Обаманың бекіткенін және АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы тарапынан қабылданғанын атап көрсетті.
АҚШ Соғыс кемелері болса Қызыл теңіз мен Басра шығанағына қоныстанды.
Операцияда ISIS-тің Сириядағы бақылау штабтары, логистикалық орындары, жаттығу лагерлері және маңызды пунктерінің бомбаланғаны білдірілді.
Сирия ақпарат көздері Раккада ондаған ISIS ұйымы мүшесінің өлтірілгені жарияланды.
Сирияда ISIS нысаналарына қоса Әл-каида топтарының да бомбаланғаны және 50 Әл-каида мүшесінің өлтірілгені мәлімденді.
ISIS ұйымы операцияға Сауд Арабиясының жауапты екенін атап, операцияға қарсылық беретінін мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин болса Сирияда ISIS нысаналарына жасалған әуе шабуылдарында Сирия әкімшілігінен рұқсат алу керектігін атап көрсетті.
Сирия әкімшілігі АҚШ-тың операцияның алдында өздеріне мағлұмат берілгенін жариялады.
Сирия оппозициясы болса операцияларға ризашылық білдіріп, мұның Асадқа қарсы күресте күштерін арттыратынын атап көрсетті.
Операцияға қатысқан елдер арасында АҚШ-тан басқа Иордания, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар және Біріккен Араб Әмірлігі орын алады.
ISIS-ке бағытталған шабуылдар жалғасып жатқанда аймақта адамсыз бір ұшақтың да құлағаны білдірілді.
Ұшақтың Сирия режимі немесе коалиция күштеріне тиесілі болып болмағаны жайлы мағлұмат берілмеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар