Әскери құралдың 65 пайызы таусылды

Украина президенті әскери құралдардың таусылғанын білдірді.

134409
Әскери құралдың 65 пайызы таусылды

Украина президенті Петро Порошенко ресейшілдер 5 айлық қақтығыста әскери құрал-жабдықтың 65 пайызынан айрылып қалғандарын айтты.


Украина проблемасының әскери жолмен шешілмейтінін білдірген Порошенко ресейшілдермен келісім жасалмаса, Украинаның өзін қорғауға дайын болуы керектігін атап көрсетті.


Порошенко Украинаның бір телеарнасына сұхбат берді. Бейбітшілік орнамаса армияның нығаюы керектігін айтты.


Өткен апта Америка Құрама Штаттары және Канадаға іссапары барысында жаңа әскери материал алуға уәде берілгенін айтқан Украина президенті қазіргі қарудың көбін ресейшілдермен соғыста тауысқандарын мойындады.


Порошенко келісім тақырыбында премьер-министр Арсений Яценюкпен арасында көзқарас айырмашылығы болғаны туралы хабарларды да жалғанға шығарды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар