Ауғанстанда елбасы дағдарысы шешілді

Ауғанстанда елбасы сайлауының екінші турында жарысқан Ахмадзай мен Абдуллах келісті.

134360
Ауғанстанда елбасы дағдарысы шешілді

Ауғанстан тәуелсіз сайлау комиссиясы Эшреф Гани Ахмадзайды елдің жаңа елбасы ретінде жариялады.
Тәуелсіз сайлау комиссиясы мәлімдемесі 14 маусымдағы екінші турға қатысқан Ахмадзай мен Абдуллахтың ұлттық бірлік үкіметі құру жөнінде келісімге келуінің артынан жасалды.
Комиссия екінші турда Ахмедзайдың жеңіске жеткенін мәлімдесе, дауыс көрсеткіштерін жарияламады.
Келісім сайлаудың жеңімпазын елбасы, екіншісінің болса премьер-министрге ұқсас жауапкершіліктер жүктелген жоғары деңгейлі басшы болуы күтіледі.
Келісімге қарағанда жаңа елбасы қызметін бастаған соң атазаңға өзгеріс енгізілуі үшін бір комиссия тағайындайды. Министрліктер болса елбасы мен жоғары деңгейлі басшы тарапынан тепе-тең белгіленеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар