АҚШ Мысырға 10 Апачи тікұшағы жібереді

АҚШ Мысырдың террормен күреске қолдау беру мақсатты 10 тікұшақ жіберетінін жариялады.

134022
АҚШ Мысырға 10 Апачи тікұшағы жібереді

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон мәлімдемешісі Джон Керби жасаған жазбаша мәлімдемеде АҚШ Қорғаныс министрі Чак Хэйгелдің Мысыр Қорғаныс министрі Сыдкы Субхимен телефон арқылы әңгімелескенін білдірді.
Керби әңгіме барысында Хэйгелдің Мысырдың террормен күресіне қолдау беру үшін Вашингтон әкімшілігінің 10 Апачи тікұшағын Мысырға тапсыруды жоспарлағанын растады.
Хэйгел мен Субхи әңгіме кезінде сондай-ақ Орташығыс пен Солтүстік Африкада аймақтық қауіпсіздік тақырыбына қоса АҚШ басшылық жасаған ISIS лаңкестік ұйымымен күрес коалициясын да қолға алды.
Хэйгел Газадағы атысты тоқтату келісімін қамтамасыз ету үшін Мысырдың талпыныстары себепті Субхиге алғысын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар