Каталондар да референдум өткізбекші

Каталония мәжілісі 9 қараша күні референдум өткізу шешімін қабылдады.

133057
Каталондар да референдум өткізбекші

Шотландиядан кейін Испанияның автономды аймағы Каталония да тәуелсіздік үшін референдум өткізеді.


Референдум жөніндегі шешім Каталония автономды мәжілісінде қабылданды.


Дауысқа салуда 28 «қарсы» даусы, 106 «қабыл» даусы қолданылды.


Осылайша мәжіліс референдум үшін Испания мәжілісінен өкілеттік сұрайтын жобаны қабылдады.


Испания мәжілісінен рұқсат шығатын болса, каталондар 9 қараша күні тәуелсіздіктері үшін сандыққа жүгінеді.


Алайда Мадрид үкіметі Каталонияда болатын референдумның заңсыз екенін алға тартуда.


Испания үкіметі шешімді сотқа беруі мүмкін.


Елдің батысындағы Каталония - Испаниядағы 17 автономды аймақтың бірі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар