Рим папасы Франциск 'дүниежүзілік соғыс' ескертуі жасады

Папа соңғы кезде артып отырған қақтығыстардың '3-ші дүниежүзілік соғыстың алғашқы сатысы' екенін айтты

126334
Рим папасы Франциск 'дүниежүзілік соғыс' ескертуі жасады

Папаның әлемнің әртүрлі аймақтарында адамзатқа қарсы қылмыстардың, қырғындардың және қақтығыстардың ‘3-ші дүниежүзілік соғыстың алғашқы сатысы’ екенін пайымдады.
1-ші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан 100 мың италиян әскерінің қабіріне зиярат жасаған Рим Папасы Франциск ‘Соғыс есалаңдықтың көрсеткіші. Дін атымен жүргізілген соғыстарды болса лағнеттеу керек’ деді.
Адамзатқа қарсы қылмыстарды, қырғындарды және қақтығыстарды ‘3-ші дүниежүзілік соғыстың алғашқы сатысы’ ретінде бағаландырған Рим папасы «Адамзат жылау керек және қазір жылаудың дәл кезі» деді.
Рим папасы Франциск Ирак, Сирия, Газа, Украина және Африкада жалғасып жатқан қанды қақтығыстардың тезарада тоқтатуын үміт еткенін тілге тиек етті.
Папа өткен айда ИЛИМ экстремисттік ұйымына қарсы күш қолданылуының орынды бола алатынын айтқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар