Сирияға көмек жіберілді

Көмек материалдарының басым көпшілігі – азық-түлік.

122175
Сирияға көмек жіберілді

Адам құқық және еркіндіктері мен гуманитарлық көмек қоры İHH-ның Бурса филиалы Сирияға материалдық көмек жіберді.


Бұл туралы Бурсадағы филиалдың басшысының орынбасары Халил Аса мәлімдеді. «42 айдан бері сириялық бауырлар зардап шегіп отыр. Тұрмыс шарттары өте нашар. Бурсалықтар ретінде осы бауырларымыздың жанында екенімізді көрсету және қайғыларын бөлісу үшін көмек жолдап отырмыз» деді ол.


Көмек материалдарының басым көпшілігі – азық-түлік. Бір көлік толығымен киім-кешек.


Осы көмекпен бірге Бурса қаласынан Сирияға жолданған контейнер саны 132-ге жетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар