Иракта парламент жаңа үкіметті мақұлдады

Хайдар әл Абадидің кабинеті парламенттен сенім даусын алды.

119481
Иракта парламент жаңа үкіметті мақұлдады

Осылайша Иракта шиіттер, сүнниттер мен күрдтерден тұратын үкімет құрылды.


Үкіметтің бағдарламасы 280 депутат қатысқан отырыста 177 «қабыл» даусымен мақұлданды.


Жаңа кабинетте бұрынғы премьер-министр Нури әл Малики, Муттахидун коалициясының басшысы Усаме Нуджейфи мен Ирак ұлттық коалициясының басшысы Иад Аллави президент орынбасарлығына тағайындалды.


Сүнни саясат қайраткері Салих Мутлак, Беха Ареджи мен бұрынғы сыртқы істер министрі Хошяр Зебари премьер-министр орынбасары болды.


Иракта көптеген дау-дамайдан соң құрылған жаңа кабинетте 17 министрлік шиіттерге, 7 министрлік сүнниттерге, 4 министрлік күрдтерге берілді. Аз сандыларға да бір орын берілді. Айырықша Мұнай, ішкі істері және сыртқы істері секілді маңызды министрліктер шиіттерге берілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар