АҚШ телефон тыңдау қауесеті жайлы мәлімдеме жасады

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джен Псаки мәлімдеме жасады

112781
АҚШ телефон тыңдау қауесеті жайлы мәлімдеме жасады

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джен Псаки неміс баспасөзінде орын алған АҚШ барлау мекемелерінің Түркияға бағытталған жұмыстарына қатысты жаңалықтарға қатысты түрік лауазымдылармен кездескендерін атап айтты.
Псаки күнделікті баспасөз жиналысында тыңдау қауесеттімен байланысты қойылған бір сұраққа «Түркияның досы және одақтасы ретінде араларындағы жақын ортақтықты күшейтуге және маңызды салаларда ынтымақтастықты жалғастыруда бағыныштылықты қорғағандарын» атап көрсетті.
Саяси қажеттілік ретінде алға тартылған барлау жұмыстарымен байланысты қоғам алдында пайымдау жасамағандарын, дегенмен түрік лауазымдылармен байланысты жалғастырғандарын атап айтқан Псаки осы кездесулердің жалғасатынын білдірді.
Псаки «Егер осы қауесеттер рас болса, АҚШ үкіметінің Түркиядағы жұмыстарын тоқтататыны жайлы уәде бере аласыз ба?» деген сұраққа АҚШ президенті Барак Обаманың елінің барлау қызметіне бағытталған әдістерін қайта талқылау жайлы талпыныстарына тоқталғанын және бір қатар реформа шаралар жариялағанын еске салып «Бұдан басқа айтар сөзім жоқ» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар