Германияда мешітке шабуыл жасалды

Билефельд қаласындағы Сүлеймание мешітіне тағы шабуыл ұйымдастырылды.

96710
Германияда мешітке шабуыл жасалды

Германияда мешіттерге бағытталған шабуылдарға тағы бірі қосылды.
Аты-жөні белгісіз адамдардың нысанасына алынған Билефельд қаласындағы бір мешіт болды.
Шабуылда өлген және жараланған болмағаны білдірілді.
Билефельд қаласындағы Сүлеймание мешітіне аты-жөні белгісіз адамдар тарапынан шабуыл ұйымдастырылды.
Билефельд полициясының берген мәліметіне қарағанда шабуылшылар мешіттені Құран Кәрімдерді қатарластырып жинап, өртеп жіберген.
Оқиғаны тосуға талпынғандарын білдірген лауазымдылар өрттің асқынбай, өшірілгенін хабарлады.
Полиция кім екені анықталмаған шабуылшылардың қауіпсіздік камерасының бағытын өзгертіп, мешітке кіргенін білдірді.
Сегіз күннің алдында Билефельд қаласындағы басқа бір мешітте тағы өрт шыққанын және шабуылшылардың бір-біріне ұқсағанын білдірген лауазымдылар оқиғаны зерттеп жатқандарын жариялады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар