Иран келіссөзге келу үшін шарт қойып отыр

Иран санкциялардың жойылуын талап етуде

95922
Иран келіссөзге келу үшін шарт қойып отыр


Иран сыртқы істер министрі Мұхаммед Жеват Зариф қыркүйек айында 5+1 елдерімен жасалатын ядролық жоба келіссөздерінде келісімге келе алу үшін санкциялардың жойылуы керектігін айтты.

Мұхаммед Зариф 5+1 елдерінің санкцияларды жою күшінің жоқ екенін, бірақ бұл елдердің Біріккен Ұлттар ұйымы қауіпсіздік комитетіне өтініш бере алатынын білдірді.
Зариф қыркүйек айының басында Еуроодақтың сыртқы саясаттан жауапты өкілі Кэтрин Эштонмен кездесуінің қашан болатынының әлі белгісіз екенін айтты.

Былтыр Иран мен Біріккен Ұлттар ұйымы қауіпсіздік комитетінің бес тұрақты мүшесі мен Германияның өкілдері арасында болған және халықаралық санкциялардың азайтылуына жауап ретінде Тегеранның да ядролық жобасын шектеу мәселелері талқыланып, 24 қараша 2013-жылы Женевада уақытша келісім жасалған болатын.
Жан-жақты келісім шарттың 2014-жылдың 20 шілдесіне дейін жасалуы күтілген болатын. Бірақ тараптардың бірнеше рет кездесуіне қарамастан келіссөз жасау мерзімі 24 қарашаға қалдырылды.

Енді Иран мен 5+1 елдері арасындағы келіссөздер қыркүйекте БҰҰ бас ассамблеясы жиыны қарсаңында жалғасады деп күтілуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар