Біріккен Ұлттар Ұйымы терроризмге қарсы

БҰҰ терроризммен күрес жобасын қабылдады

92895
Біріккен Ұлттар Ұйымы терроризмге қарсы

Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік комитеті ИЛИМ мен Нусра және Ирак пен Сириядағы Әл-кайдамен байланысы бар террорлық ұйымдарға күрес жобасын бір ауыздан қабылдады.
Ұлыбритания әзірлеген жоба бойынша шетелдік террорлық ұйымдарды қару-жарақпен қамтамасыз ету, ұйымдарға қаржылай жәрдем беруге кедергі жасау мақсатымен олармен байланысы бар 6 террористке санкция жасалатын болады.
Ирак пен Ресей мәселелерін талқылау үшін Брюссельде төтенше жиналыс өткізген Еуроодақ сыртқы істер министрлері де ИЛИМ экстремистерінің шабуылдарын айыптады және Ирактағы жағдайдың алаңдатып отырғанын білдірді.
Еуроодақ сыртқы істер министрлері ИЛИМ-нің мұнай сатуына кедергі жасау, пешмаргаларға қару-жарақ жәрдемі беру және Ирактың солтүстігіне әуе арқылы жәрдем коридоры құру мәселелерінде келісімге келді.
Хизбуллах лидері Хасан Насраллах та керек болған жағдайды ИЛИМ экстремистерімен соғысуға әзір екендерін білдірді.
ИЛИМ-нің өсіп бара жатқан қаупіне назар аударған Насраллах ұйымның Иордания, Паршы шығанағы елдері мен Ливан үшін аса үлкен қауіп екенін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар