Орыс саясатшыға Польша мен Латвиядан наразылық келді

Владимир Жириновскийдің мәлімдемесіне Прибалтика елдері наразылық көрсетті

90677
Орыс саясатшыға Польша мен Латвиядан наразылық келді

Ұлтшылдығымен танымал орыс саясатшы Владимир Жириновский батыс пен Ресей арасында соғыс шыққан жағдайда Польша мен Прибалтика мемлекеттерінің «картадан өшетінін» айтқан болатын.
Орыс саясатшының осы сөздерін қатаң түрде айыптаған Польша мен Латвия Ресей өкілетті елшісін сыртқы істер министрлігіне шақырды.
Латвия Сыртқы істер министрлігі «мәлімдемелер Ресей патшалығын қайта жандандыру арманының мықты бір көрсеткіші» деген мәлімдеме жасады.
Польша Сыртқы істер министрлігі де «Осылар жай бір азаматтың мәлімдемелері емес» деп наразылық көрсетті.
Ресейдің Варшава өкілетті елшілігі болса Ресей үкіметі атынан сөйлемеген Жириновскийдің мәлімдемелеріне түсініктеме беруге мәжбүр емес екендерін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар