Ливияда қарулы топтар арасында шыққан қақтығыстар жалғасуда

Қарулы топтар Триполи әуежайын қолға түсіру үшін қақтығысуда

90929
Ливияда қарулы топтар арасында шыққан қақтығыстар жалғасуда

Ливияда үкіметті жақтаушы топтар мен қарулы топтар арасында шыққан қақтығыстар жалғасуда.
Әуежайы қазірше зинтандық топтардың бақылауында екені білдірілді.
Үкімет күштерінің мағлұматтарына қарағанда қақтығыстарда қазірге дейін 17 адам қаза тапты, 31 адам жараланды.
Мәжіліс Біріккен Ұлттар Ұйымынан халықаралық операция жасауын талап етті.
Осыған қоса мәжілісте өткен дауыс беруде бірнеше аптадан бері елде жалғасқан қақтығыстардың жауаптысы ретінде үкіметті жақтаушы топтардың операцияларын тоқтатуына шешім қабылдады.
Дегенмен осы шешімнің іске асып аспайтыны белгісіз.
Үкімет болса барлық қарулы топтардың жылдың аяғына дейін полиция немесе армия құрамына кіруі үшін ультиматум берді.
Мұның алдында бірнеше рет осы топтарға қаруларын тастауы тақырыбында ескерту жасалған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар