Сочиде Таулы Қарабах саммиті

Путин, Алиев және Саркисян Сочидегі үштік саммитте бас қосты

86364
Сочиде Таулы Қарабах саммиті

Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан президенті Илхам Алиев пен Армения президенті Серж Саркисян, Таулы Қарабах мәселесін бағаландыру үшін бас қосты.
Сочидегі президенттік резиденцияда жүзеге асқан үштік кездесуде Путин Әзірбайжан және Арменияның Таулы Қарабах мәселесін «бейбіт жолдармен шешуге ниетті» екенін атап көрсетті.
Алиев пен Саркисянның мәселені бейбіт жолдардан шешуге қатты мән бергенін атап айтқан Путин «Адамдардың өлімінен үлкен трагедия болуы мүмкін емес. Ізгі ниетпен әр нәрсе шешіле алады. Меніңше әр екі ел халқында да осы ізгі ниет бар» деді.
Әр екі президентті сабыр сақтауға шақырған Путин екі тараптың да бір-біріне құрмет көрсетуге тиісті екенін білдірді.
Әзірбайжан президенті Алиев алдағы кезеңде келіссөздер және бейбітшіл жолдармен әділ және халықаралық құқыққа сай бір шешім табуды үміт еткендерін атап айтты.
Алиев Таулы Қарабах мәселесінің Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тараптары жақындастыруға тырысқанын дегенмен қазірше онша табысқа ұласпағанына назар аударды.
Саркисян болса мәселенің ЕҚЫҰ Минск жұмыс тобының ұсынғанындай келіссөзбен шешіле алатынын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар