Ауғанстанда 14 адам қаза тапты

Кундуз уәлаятында шыққан қақтығыстарда 14 адам қаза тапты

86019
Ауғанстанда 14 адам қаза тапты

Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз уәлаятында Талибан ұйымы мүшелерімен қауіпсіздік күштері арасында шыққан қақтығыста 14 адам қаза тапты.
Кундуздың орталығына кіргісі келген ұйым мүшелерімен қауіпсіздік күштері арасында шыққан қақтығыстың жалғасқанын атап көрсеткен Кундуз полиция басқармасы мәлімдемешісі Саид Сервер Хүсейни қаза тапқандар арасында ұйымның Кундуз уәлаяты жауаптысы Хафыз Хаятуллах Руханидің де бар екенін атап айтты.
Хүсейни қақтығыста араларында 3 ұйым мүшесіне қоса бала мен әйелдерде бар 10 жазықсыз адамның жарақат алғанын білдірді.
Қақтығыс себепті ауыл тұрғындарының көпшілігінің үйлерін тастап кеткенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар