Орталық Африка премьер-министрі отставкаға кетті

Отставканың президент Самба-Панзаның талабымен болғаны білдірілді

81010
Орталық Африка премьер-министрі отставкаға кетті

Орталық Африка республиканың премьер-министрі Андре Нзапайеке кабинетімен бірге отставкаға кетті.
Мұсылман халықтарға қарсы этникалық шабуылдар өршіп тұрған Орталық Африка республикасының премьер-министрі Нзапайеке президенті Катрин Самба -Панзаның талабына орай қызметінен кетті. Панзаның «саяси дағдарыстың тараптары арасында қол қойылған келісім шарттың орындалуы үшін» осындай шешім қабылдағаны туралы мәлімдеме жасалды.
Үкіметтен келген мәлімдемеге қарағанда бұл қызметтен кету аталмыш келісім шарттың орындалуы мен бірлік үкіметінің құрылуын жеңілдететін болады.
Елдегі саяси дағдарысты шешу үшін өткен апта сейсенбі күні «Селека» мен «Анти-балака» ұйымдары арасында бейбітшілік форумы өткізілген еді.
Форумда қол қойылған келісім шартта «тараптардың қарулы мүшелері 45 күн ішінде қаруларын тастау және елдегі күш қолданудың тоқтатылуы керек» делінген еді.
Христиан «Анти-балака» ұйымы мұсылмандарға қарсы жүргізген қырғындар ұйымдастырып, 2000-нан астап адам өліп, 1 миллион адам көшуге мәжбүр қалған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар