Палестина басшысы Махмуд Аббас БҰҰ-на шақыру тастады

Израиль 24 күннен бері Газаға бомба жаудыруда

75206
Палестина басшысы Махмуд Аббас БҰҰ-на шақыру тастады

Кеше ең қанды шабуылдардың бірі жасалған Газа секторы азанғы уақытта жаңа шабуылдардың нысанасы болды.
Израиль армиясының Газа секторындағы палестиналықтарға тән тұрғын аймақтары, егістіктер және бір мешітті нысанаға алды. Шабуылдарда жараланғандар бар екені білдірілді.
Израиль армиясы Хамастың басқару орталықтарын зымыран қағарларын және қару-жарақ қоймаларын нысанаға алғандарын жариялады.,
Соңғы 24 сағаттың ішінде бір базарға және баспана ретінде қолданылған БҰҰ-на тән бір мектепке жасаған шабуылдарында араларында бала мен әйелдер бар 129 адам 129 адам қаза тапты, 460 адам жараланды.
Мектеп шабуылына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Муннан қатаң наразылық келді.
«Ұйықтап жатқан балаларға шабуылдағаннан үлкен ұят жоқ» деген пан шабуылдың «зұлымдық және мағынасыз» екенін алға тартты.
Жаңалықтардың артынан Палестина басшысы Махмуд Аббас Газаны «төтенше аймақ» боп жариялады.
Аббас БҰҰ Бас хатшысы Панға жіберген хатында халықаралық қоғамның жауапкершілік алып, адамзаттық дағдарысқа ұшыраған Газада палестиналықтардың қажеттіліктері мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шақыру тастады.
Аббас сондай-ақ Газада шабуылдан қашқан босқындарға қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жерлерге орналастырылуын, азық-түлік, таза ауыз суы және дәрі-дәрмек жіберілуін талап етті.
Басқа жағынан ауруханада емделіп жатқан 2 палестиналықтың қаза тапқаны білдірілді.
Осылайша Израильдің Газаға 7 шілде күнінен бері жалғастырған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтар саны мың 360-тан асты, 7 мың 600-ден астам адам болса жарақат алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар