Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда

Кеше тағы 11 Палестиналық қаза тапты

77685
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда


Израиль Газада ұрлап әкетілген әскердің қаза тапқанын мәлімдеді. Израиль жоғалып кеткен әскердің өлген сарбаздар арасында болып болмағанын анықтау үшін арнайы мамандардан құралған комиссия құрды.
ДНК нәтижелерінде Израильдік әскердің Рефах маңайында бір туннельде Иззеттин әл-Кассам сарбаздары жасаған жанкештілік шабуылда өлгені анықталды. Израиль армиясы өлген сарбаздың жанұясына делегация жіберіп, әскердің Газада қаза тапқанын білдірді.
Осылайша Израиль Газадағы шабуылдарда 66 сарбазын жоғалтты. Әскердің өлгені анықталғаннан кейін Израиль құрлық әскерлерінің бір бөлігін Газадан әкетті. Бірақ операциялар әлі жалғасуда. Нетеньяху Газадағы барлық туннельдер жойылғанға дейін операциялардың жалғаса беретінін мәлімдеді.
Нетеньяху снаряд шабуылдарын жалғастырып жатқан ХАМАС-қа да мұның соңы жаман болады деп қоқан-лоқы көрсетті. Израиль түні бойы бомбалауды жалғастырды. Шабуылдарда тағы 11 Палестиналық қаза тапты. Осылайша Израиль шабуылдарында өлген Палестиналықтардың саны 1700-ден асты.
Қираған үйлердің астында қалған мәйіттер шіри бастады, бірақ бомбалау жалғасып жатқандықтан оларды шығарып, жерлеу жұмыстары баяу жүруде.
БҰҰ жауаптылары бомбалау нәтижесінде Газада амбулаториялардың жартысының жабылғанын, ауруханаларда да жағдай нашар екеніне назар аударды.
Израильдің ракета шабуылдары да жалғасуда. Кеше Израиль 62 ракета атты, алтауы ауада жойылды, екеуі Тель-авив маңайына түсті.
Палестина үкіметі ХАМАС пен Исламдық Жихат өкілдері де орын алған бір делегацияны оқ атуды тоқтату келіссөздері үшін Каирге жіберді.
АҚШ Каирге Таяу шығыстан жауапты өкілін жіберетін болды.
Израиль болса ХАМАС-ты оқ атуды тоқтату келісімін үнемі бұзуда деп айыптап, делегация жібермеуге шешім қабылдаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар