ЕҚЫҰ мен Минск тобынан «жедел шара» үндеуі

Армения-Әзірбайжан кикілжіңі өршіп барады

78335
ЕҚЫҰ мен Минск тобынан «жедел шара» үндеуі

Еуропа қауіпсіздік пен ынтымақтастық Ұйымы кезекті төрағасы мен ЕҚЫҰ Минск тобы Армения-Әзірбайжан шекарасында болып жатқан қақтығыстардың алаңдаушылық туғызып отырғанын білдірді.
ЕҚЫҰ тарапынан жасалған мәлімдемеде кезекті төраға Дидье Буркхалтерь, ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағалары Ресей өкілетті елшісі Игорь Попов, АҚШ өкілетті елшісі Джеймс Валик пен Франция өкілетті елшісі Пьер Эндрьюдің Армения-Әзірбайжан шекарасындағы кикілжіңнің өршуі, өлімдердің артуы мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті көліктеріне шабуыл жасалуының алаңдатып отырғанын білдірген.
Мәлімдемеде ЕҚЫҰ мен Минск тобының екі елдің президенттерінен аймақтағы кикілжіңді тоқтату үшін күш жігер салып, жедел шара алуы керектігін талап ететіні білдірілген.
Тараптар арасындағы күш қолданудың жалғасуының бейбітшілік орнатуға зиян тигізуі мүмкін екеніне назар аударылған мәлімдемеде бейбіт келіссөздерді қайтадан бастауға үндеу тасталған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар