Израиль мен Палестина Каирде келіссөз үшін бас қосады

Келіссөзге АҚШ-тан да делегация келеді

75817
Израиль мен Палестина Каирде келіссөз үшін бас қосады

Газада оқ атуды тоқтату келісімі жасалғаннан кейін тараптар Каирде бас қосуға әзірлік үстінде.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Каирге бір делегация жіберетіндерін, бірақ ХАМАС-пен кездесу жасамайтындарын айтты.
Керри 72 сағаттық оқ атуды тоқтату келісімін Израиль де, ХАМАС та қабылдағанын, тараптардың келісімге келуі үшін мүмкіндік туғанын білдірді.
АҚШ-тан алынған мәліметтерге қарағанда Каирдегі келіссөздерге қатысатын делегацияны Палестина президенті Махмұт Аббас белгілейді, бірақ АҚШ пен Израиль ХАМАС-пен кездесуі болмайтынын білдірді.
Каирдегі келіссөздердің қашан басталатыны белгісіз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар