2 Украина соғыс ұшағы құлатылды

Ресейшіл жікшілдер ұшақты өздері атып түсіргенін білдірді

69664
2 Украина соғыс ұшағы құлатылды

Ресейшіл сепаратистер Украина армиясының 2 соғыс ұшағын атып түсірді.
Украина қауіпсіздік комитеті құлатылған 2 ұшаққа атылған зымырандардың Ресейден атылғанын білдіріп отыр.
Ресей қорғаныс министрі болса Украина үкіметінің мәлімдемесін жоққа шығарды.
Соғыс ұшақтарының Малайзия жолаушылар ұшағы құлаған аймақтың маңайында атып түсірілгені белгілі болды.
Ресейшіл сепаратистер болса ұшақтары өздерінің атып түсіргенін мәлімдеді.
Сепаратистер құлаған ұшақтардың пилоттарының біреуінің парашютпен секіріп құтылғанын және оның тұтқынға алынғанын жариялады.
Украина үкіметі соғыс ұшақтарының қандай қарумен атып түсірілгенін білмейтіндерін айтты.
Ал Донецк пен Луганск қалаларында Украина әскерлері мен ресейшіл жікшілдер арасында қызу қақтығыстар жүріп жатыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар