Украинада құлаған ұшаққа байланысты тексеру жұмыстары жалғасуда

Ұшақтың қара жәшігі деп саналып отырған заттар Ресей жікшілдерінің қолында

65788
Украинада құлаған ұшаққа байланысты тексеру жұмыстары жалғасуда

Украинада атып түсірілегн Малайзия жолаушылар ұшағының қара жәшігі деп есептеліп отырған заттар Ресей сепаратистерінің қолында.
Донецкке апарылған нәрселердің шын мәнісінде қара жәшік болып болмағаны белгісіз.
Еуропа Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық комитеті Ресей сепаратистері ұшақ құлаған жерден жинаған мәйіттерді алу үшін аймаққа бір пойыз жіберу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.
Голландия премьер-министрі Марк Руттенің мәлімдемесіне қарағанда Ресей жікшілдері жинаған мәйіттерді темір жолы станциясының суық қоймасы бар вагондарына қойған. Шақырымдар бойы шашылған мәйіттердің кейбіреулері әлі жиналып болған жоқ. Жолаушылардың заттарының аймақтағы адамдар тарапынан ұрлап әкетілгені туралы қауесет те бар.
ЕҚЫҰ пойыз жіберіп, мәйіттері алу үшін Ресеймен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Мәйіттердің кім екенінің анықталуы үшін Голландиядан жіберілген мамандардың да Донецкке баруы күтіліп отыр.
Украина Ресей сепаратистерінің оқиға болған жердегі дәлелдерді жоюға тырысып жатқанын білдірді. Донецкке келген шетелдік мамандар да оқиға болған жерде тексеру жүргізуге Ресей жікшілдерінің шектеу келтіріп отырғанын білдірді.
Франция, Германия мен Ұлыбритания ортақ бір мәлімдеме жасап, Ресей президенті Владимир Путиннен шетелдік мамандардың оқиға жерінде тексеру жұмыстарын жасауға жағдай жасауын талап етті.
Оқиғада 193 азаматы қаза тапқан Голландияда халық мәйіттердің тез арада әкелінуі үшін қысым жасауда.
Голландия баспасөзінде тіпті дәлелдердің жойылуына кедергі жасау үшін Голландия мен НАТО-ның әскери операция жасауды ойлануы керектігі туралы да жазылуда.
Батыс елдері мен Украина 298 жолаушысы бар ұшақтың Ресей жікшілдері тарапынан құлатылғанын пайымдап отыр.
Ал Ресей сепартистері болса ұшақты Украина соғыс ұшақтары құлатты дейді.
Путин тергеу-тексеру жұмыстары аяқталғанға дейін ешкімнің алдын-ала үкім білдірмеуі керектігін айтуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар