Израиль Газаға құрлық операцияларына бастады.

Операцияға 8000 сарбаз қатысуда

133421
Израиль Газаға құрлық операцияларына бастады.

Израиль армиясы 8000 сарбаз және әуе мен теңіз күштерінің қолдауымен Газаға кірді.
Халықаралық қауым болса Израиль шабуылдарына қарсы әлі қол қусырып отыр. Кеше түнде 6 адам тағы қаза тапты, осылайша шабуылдар басталғаннан бері өлген Палестиналықтардың саны 246-ға шықты. Израиль түні бойы құрлықтан да, әуеден де Газаны бомбалады.
ХАМАС спикері Февзи Берхум өздерін қорғай алатын қарулары бар екенін және Израильге тиісті жауабын беретіндерін мәлімдеді.
Израиль армиясының спикері генерал Мотти Алмоз болса шабуылдардың мақсатының Газада белгіленген нысаналарды қолға алу, инфрақұрылымды істен шығару және Израильге кіру үшін жасалған туннельдердегі ХАМАС-тың көзін жою екенін білдірді. Израиль көздеген мақсаттарына жеткенге дейін әскери операциялардың жалғаса беретінін мәлімдеді.
Құрлық шабуылдарына 8000 сарбаз қатысуда, 18 000 қосымша әскер қызметке шақырылды.
Осылайша 8 шілдеден бері қызметке шақырылған 65 000 қосымша әскердің ауқымды бөлігі операцияға қатысу үшін бұйрық күтіп отыр.
Құрлық операцияларының алғашқы сәттерінен бастап-ақ Шипа ауруханасына жаралылар әкеліне бастады, ал Израильдің ауруханаға да шабуыл жасағаны білдірілуде.
БҰҰ 1400-ге жуық үйдің қирағанын және 18 000 адамның баспанасыз қалғанын мәлімдеді.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун «Менің және әлемдік лидердердің қайта-қайта ескерту жасағанына қарамастан әскери операциялардың басталуы алаңдаушылық туғызады» -деді.
БҰҰ қауіпсіздік комитетінің Иорданияның шақыруымен бүгін осы мәселені талқылау үшін жиналуы күтіліп отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар