Иракта үкімет әлі құрылмады

Ирак парламенті келісімге келе алмай отыр.

128884
Иракта үкімет әлі құрылмады

Ирак парламенті келісімге келе алмады, президент, премьер-министр және мәжіліс басшысы сайланбады.


Парламент отырысы сейсенбі күніне кешіктірілді.


Иракта 30 сәуір күнгі сайлаудан кейін партиялар өз арасында келісімге келе алмай отыр. Сондықтан үкімет әлі құрылмады.


Иракта 2003 жылы түрлі топтар арасында жүргізілген келісімге орай президент күрдтерден, премьер-министр шиіттерден, мәжіліс төрағасы да сүннилерден сайланып келді.


Осы арада Бағдатта бір ғимаратқа қарулы кісілер шабуылдап, 34 адамды өлтірді.


Шабуылда өлгендердің 28-і әйел адам. 11 адам жарақат алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар