Ирак армиясы ИЛИМ-ге шабуылдады

Ирак жойғыш ұшақтары ИЛИМ экстремистік ұйымына бомба жаудырды

114720
Ирак армиясы ИЛИМ-ге шабуылдады

Аймақтағы жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда Ирак армиясына тиесілі жойғыш ұшақтар Бағдатқа қарай жолға шыққан 200 көліктен тұратын Ирак-Левант ислам мемлекеті керуенін Мосулдың батысындағы Харамат аймағында бомбалады.
Ұйым мүшелерінен қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені білдірілді.
Ирак жойғыш ұшақтары 5-ші бригада штабы орналасқан орман аймағы Эл-Габатқа жасаған шабуылында болса ИЛИМ ұйымының орындары нысанаға алынды.
Бомбалауда қолданылған ұшақтардың Ресейден сатып алынған СУ-25 типі жойғыш ұшақтар екені алға тартылды. Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Александр Лукашевич жасаған мәлімдемеде Иракқа СУ-25 типі жойғыш ұшақтар өткізгендерін растаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар