БҰҰ бала жауынгерлер жайлы рапорт жариялады

7 ел армиясы мен 50 қарулы топ бала жауынгер қолданады

200755
БҰҰ бала жауынгерлер жайлы рапорт жариялады

БҰҰ өткен жылы әлем бойынша 7 елде қарулы күштер мен 50 қарулы топтың қақтығыстарда балаларды қолданғанын жариялады.
БҰҰ Бас хатшысының қақтығыстарда балаларды қорғауға жауапты арнайы өкіл Ләйлә Зерроукуй 2013 жылға қатысты дайындалған рапортты журналисттерге бөлісті.
Зерроукуй өткен жылы тінту жүргізгендері 23 қақтығыс аймағында балалардың соғысқа итермелегенін, өлтірілгенін, мүгедек қалдырылғанын және жыныстық шабуылға ұшырағанын атап көрсетті.
Зерроукуй балалардың қақтығыстарда қолданылуы және балаларға қарсы жасалған қылмыстар шоғырланған аймақтарға қатысты мағлұмат беріп, Нигерияда Боко Харам ұйымының аурухана және мектептерге жасаған шабуылы мен балаларды қырғаны себепті биылғы тізімге кіргенін атап айтты.
2013 жылы әсіресе Ауғанстан, Сирия және Иракта өлтірілген және мүгедек қалдырылған бала санының маңызды мөлшерде артқанын атап көрсеткен Зерроукуй «Орталық Африка Республикасында балалардың қаруландырылуы жүйелі түрге айналды және барлық тараптар балаларды соғыстырады» деді.
Сирияда қақтығыстар басталған күннен бері өлтірілген бала санының 10 мыңнан асқанын атап көрсеткен арнайы өкіл «Әлемде бала болу ең қауіпті болған елдердің басында Сирия келеді» деді.
Зерроукуй Иракта Ирак-Левант ислам мемлекеті ұйымының балалар үшін маңызды қауіп екенін атап көрсетті.
Зерроукуй басқыншылық астындағы Палестина жерінде балаларға қарсы жасалған қылмыстар жайлы да мағлұмат беріп, өткен жылы 6 еркек, 2 қыз барлығы 8 палестиналық баланың Израиль тарапынан өлтірілгенін, мың 265 баланың болса жараланғанын айтты.
Арнайы өкіл өткен жылы Чадтың осы қатерді жойғаны себепті тізімнен шыққанын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар