ИЛИМ-ді орыс жойғыш ұшақтары жояды

«Sukhoi» жойғыш ұшақтары Ирак әуе күштеріне өткізілді

110898
ИЛИМ-ді орыс жойғыш ұшақтары жояды

Ирак-Левант ислам мемлекеті экстремистік тобын орыс жойғыш ұшақтары жояды. Ирак Ресейге тапсырыс берген «Sukhoi» типі жойғыш ұшақтардың алғашқы тобының өткізілгені білдірілді.
Ирак парламенті Қорғаныс және Қауіпсіздік комитеті мүшесі Аббас Эл-Беяти кеше жасаған мәлімдемеде 10 дана «Sukhoi» ұшағының кеше Иракқа жеткізілгені, қалғандардың да ең қысқа уақытта өткізілетінін мәлімдеді.
Беяти дамыған технологияға ие ұшақтармен Ирактың әуе күшінің де назарға алатындай дамитынын атап көрсетті.
Беяти сатып алынған ұшақтардың Мосулдағы соғыста және Ирак-Левант ислам мемлекеті экстремистік ұйымының шөлдегі әскери базаларын нысанаға алғанда қолданылатынын білдірді.
Ирак 2003 жылы жүзеге асқан АҚШ басқыншылығы себепті әуе күшінің үлкен бөлігін жоғалтқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар