Зебари: «Жауапкершілік Ирак үкіметінде»

Зебари: «Консулдық қызметкерлерін құтқару үшін күш-жігер салып жатырмыз»

99898
Зебари: «Жауапкершілік Ирак үкіметінде»

Ирак сыртқы істер министрі Хошияр Зебари Түркияның Мосул бас консулдығына ИЛИМ экстремистерінің шабуылының жауапкершілігі Ирак үкіметінде екенін айтты.
Зебари кеше Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Зебари Түркияның Мосулдағы бас консулы мен консулдық қызметкерлерінің кепілдікке алынуы туралы сұраққа «Біздің мемлекетімізде болған оқиға болғандықтан жауапкершілік те бізде еді. Қауіпсіз түрде тезірек аман-сау құтқарылуы үшін күш жігер салып жатырмыз» -деді.
Зебари елдегі соңғы жағдайларға байланысты түрік азаматтарын сақ болуға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар